Петропавлдағы орталық алаңда жастардың қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Көзделген мақсат отбасылық зорлық-зомбылық мәселелеріне тосқауыл қою.
Орталық алаңға жиналған жастар, еріктілер мен қала тұрғындары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірлесе үн қатты. Бұл акция қоғамда өзара сыйластық пен қауіпсіздік құндылықтарын насихаттауға арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мәселені жасырмай, онымен бірге күресу және жастар арасында зорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру басты міндет.
СНХР: АЙСЛУ БЕКІМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Маңызды әлеуметтік тақырыпты арқау еткен флешмоб қала тұрғындарының басын қосты. Іс-шараға әсіресе мектеп оқушылары өте белсенді қатысты. Өскелең ұрпақтың пайымдауынша, зорлық-зомбылық мәселесін ерте жастан ашық айтып, талқылау қажет.
СНХР: АРМАН ІЗБЕРГЕН, ҚАТЫСУШЫ:
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, соңғы аптада қоғамда өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған осындай онға жуық акция өткен. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.