Петропавл қаласының орталық алаңында «Мейірім мен достық алаңы» атты акция өтуде. Іс-шара Полиция департаментінің қолдауымен қала мектептерінің оқушыларына арналып ұйымдастырылған. Акцияға 50-ге жуық бала қатысуда.
Қатысушылар үшін ойын-сауық бағдарламасы мен түрлі интерактивті іс-шаралар әзірленген. Балаларға жалаушалар, әуе шарлары және тәтті сыйлықтар таратылуда. Акция зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп, оқушылар арасында өзара құрмет, мейірімді қарым-қатынас және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жалпы бүгін – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған айлықтың қорытынды кезеңі. Оы тұрғыда Алдағы уақытта өтетін ауқымды іс-шараға 200-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Айлық 18 мамырда басталған.