Солтүстік Қазақстан облысында маусым айында күн райы әдеттегіден ыстық болады. Синоптиктердің сөзінше, өңірдегі орташа айлық температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғарылап, плюс 19-20 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

Аптап ыстық ай бойы үдеп, кейбір күндері термометр көрсеткіші плюс 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Ал жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан ауытқымайды. Десе де, өңірде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін деп болжануда. Сонымен қатар, секундына 20 метрге дейін екпінді жел тұрып, бұршақ жаууы және шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.