Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін облыстық полиция қызметкерлері салтанатты саптық жиыннан бастады. Ведомствоның сап алаңында басшылық, жеке құрам, ардагерлер мен жұртшылық өкілдері Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны ұстап шыққан топ алдында Мемлекеттік Гимнді орындады.
Мереке күнгі әсерлі сәттердің бірі жаңа погондарды табыстау болды. Тоғыз қызметкерге кезекті арнайы атақ берілді. Петропавл қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Талғат Төлеков алғашқы полиция кіші лейтенанты офицерлік погондарын иеленсе, СҚО ПД Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Марат Сатыбалдин полиция полковниктерінің қатарын толықтырды. Полиция подполковнигі атағын екі әйел-полицей алды
Салтанатты жиын соңында полицейлер мемлекеттік рәміздердің алдында салтанатты шерумен өтіп, қызмет атқару орындарына тарады.