Мағжан Жұмабаевтың 133 жылдығына орай мәдени-танымдық іс-шара өтті
Шолпы, шекелік, шашбау қазақ зергерлік өнерінің тамыры тереңде жатыр. Әрбір әшекейдің өзіндік шығу тарихы, жасалу әдісі және терең мағынасы бар. Осы орайда Мағжан үйінде қазақ халқының ұлттыққұндылықтарын дәріптеуге бағытталған «МағжанЖұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының тәрбиелік мәні мен түрлері» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Қазақ тарихында есімін алтын әріппен қалдырған сөз зергері Мағжан Жұмабаевтың 133 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – ақынның «Шолпы» өлеңі арқылы шолпының жай ғана әшекей емес, ұлттық тәрбие мен эстетикалық мәдениеттің көрінісі екенін насихаттау.
СНХ: САМАЛ ҚОЖАКЕНОВА, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ «ИНАБАТ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Әже кейпіне енген Нұрым Алина шолпының сыңғырынан сыр шертіп, оның ұлттық тәрбие мен қыз баланың көркіне қызмет еткен асыл мұра екенін қойылым арқылы көрсетті.
СНХ: АЛИНА НҰРЫМ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ 2-КУРС СТУДЕНТІ
Сонымен қатар келушілер назарына ұлттық әшекей бұйымдарының көрмесі ұсынылды.