4 маусым - елдігіміздің еңселі белгісі, егемендігіміздің басты нышаны - Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 34 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның Көк туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми түрде бекітілген болатын. Бұл айтулы мереке облыс орталығында салтанатты түрде аталып өтті.
4 маусым - Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары ұлықталатын күн. Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Әнұран шырқалып, Көк байрағымыз көкке көтерілді. Жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барша жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлес қосып, азаматтық жауапкершілік пен еңбектің үлгісін көрсеткен бірқатар облыс тұрғындары жоғары марапаттарға ие болды. Олардың қатарында білім саласында 30 жылдан астам уақыт талмай қызмет етіп келе жатқан тарих пәнінің мұғалімі Нәзира Шүмекова да бар.
СНХ: НАЗИРА ШҮМЕКОВА - ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
Бұл айтулы күн мемлекеттігіміздің басты нышандары - Ту, Елтаңба және Әнұранның маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады. Осынау қасиетті рәміздерде еліміздің тарихы мен мәдениеті, тәуелсіздігі мен егемендігі терең көрініс тапқан.
СНХ: СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА , СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Салтанатты шара бұдан әрі өңір өнерпаздары әзірлеген думанды концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сахнада шырқалған патриоттық әндер мен жарқын билер жиналған қауымға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.