Қашықтықтан оқытудың бүгін 3-ші күні. Осы уақыт аралығында 24 мыңнан астам бала күнделік бағдарламасын қолданса, 16 мың оқушы  білім лэнд платформасын таңдаған. Айта кетейік, әр мектеп пен оқушылар қауымы өздері қалаған білім беру платформасын таңдауға құқылы. Бүгінгі күні облысымызда 48 мыңнан астам бала онлайн жүйеде сабақ өтіп жүр.

Бүгін еліміздің білім жүйесінде алғаш рет енгізілген қашықтықтан оқытудың 3-ші күні. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, сабақтар ойдағыдай өтуде.Оқушылар тек білім платформалары арқылы ғана емес, отандық телеарналардан да жаңа тақырыптарды меңгеріп жатыр. Ал  облысымыздағы 11 мектеп штатты режимде жұмыс істеуге кіріскен.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бізде штатты режимде жұмыс жүргізіп жатқандар бар. + Ол біздің регион бойынша екі аудан ғана. Айыртау мен Ақжар ауданы. Және бізде екі мекеме бар. Бұл Соколов мен Шөптікөл орта мектептері. Бұл жерлерде де осылай штатты режимде жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол жерде дағы мәндетті түрде барлық  санитарлық жағдайды қолдану, егерде оқушылардың температурасы болып тұрса ол балалар сабаққа кіргізілмейді.

Айта кетейік, оқушылар тек онлайн және телеарналар арқылы ғана оқымайды. Шалғай ауылдарда тұратын балаларға тапсырмалар казпочта арқылы жеткізіледі. Аталмыш қызмет түріне  бүгінгі күні өңірде 112 бала жүгінген. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тек мектеп оқушылары ғана емес ЖОО студенттері де қашықтықтан оқытылып жатыр. Өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 7155 студенті қазір онлайн форматқа көшкен.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

- 2020 жылдың 16 наурызынан бастап білім берудің барлық түрі қашықтықтан жүргізіліп жатыр. Магистранттар, бакаларлар мен интерндарымыз қашықтықтан білім алуда. +Сабақтар университетімізде сабақ кестесіне сай жүргізіледі. Білім алушылар бағдарлама арқылылабараториялық сабақтары бойынша оқытушылармен онлацн түрде байланысқа шығады. Және университетіміздің жекеменшік нкзу платформасында да жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта университет жатақханаларында 193 студент тұрып жатр. Олардың 190ы облысымызда білім алып жүрген  шетел  азаматы. 

Жансая ҚАЙЫПОВА