Ұлттық кітап күні қарсаңында Абай мен Пушкин ескерткіші маңында ауқымды флешмоб өтті. Іс-шара 300-ден астам оқушының басын қосты. Бұл жиын жастардың рухани дамуына жол ашып, кітапқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Осылайша, жеткіншектер ел игілігі үшін білім мен әдебиеттің маңыздылығын паш етті.

Оқушылар алаңда арнайы сап түзеп, адамдардан үлкен «Кітап» сөзін құрап шықты. Бұл шығармашылық акция жастардың білімге деген құштарлығы мен оқу мәдениетін қолдайтынын білдіреді. Көз тартарлық көрініс арқылы жеткіншектер қоғам назарын рухани құндылықтарға аударды.

КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жиынға қатысып жатқан ұл-қыздар №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің оқушылары. Қатысушылардың арасында кітапты сүйіп оқитын. әдебиетті жанына серік еткендер көп.

Бұл іс-шара облыстық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылды. Кітапхана ұжымы алдағы уақытта атаулы күнге орай тағы да бірқатар танымдық жиындар өткізуді жоспарлап отыр.