Иммундау апталығы 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. 2026 жылы бұл науқан 19–25 сәуір аралығына жоспарланған. Биылғы тақырып – «Вакциналар барлық буын үшін тиімді». Негізгі мақсат – халықты аса қауіпті инфекциялардан қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Бұл апталық жыл сайын сәуірдің соныңда тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін арттыру мақсатымен өткізіледі. №1 қалалық емхананың балалар бөлімінде 12 мыңға жуық адам тіркелген. №112 бұйрыққа сәйкес елімізде қызылша, дифтерия, полиомиелит және көкжөтелге қарсы вакцинация жүргізіледі. Медицина қызметкерлері тұрғындардың барлық сұрақтарына толық жауап беріп, вакцинацияның маңызын түсіндіруі қажет. Егер балада қарсы көрсетілімдер болған жағдайда оған жеке екпе кестесі жасалады. Әрбір жағдай дәрігер қабылдауында жеке қарастырылады.
СНХР: САНИЯ АППАҚОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПЕДИАТРЫ