№25 орта мектепте Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына орай, «Алихан Бөкейхан мұрасы – ұлттық сана, кіріктірілген білім беру және жасанды интеллект тоғысындағы жаңа тарих сабағы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық және Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – заманауи білім беру тәсілдерін енгізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, соның ішінде тарих пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
СНХР: ДИАННА КАЗБЕКОВА, «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараға аудандардан 70-ке жуық педагог қатысты. Семинар барысында ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасын тарих сабақтарының мазмұнына кіріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылып, оны білім беру үдерісінде жүзеге асырудың тиімді жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, шара аясында «Алаш» оқу кабинетінің ашылуы өтті.
СНХР: ЖҰЛДЫЗ ХАСЕНОВА, №25 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Семинар бағдарламасы оқушылардың патриоттық сезімін, рухани тұтастығын және зияткерлік әлеуетін дамытуға және инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасуды көздейді.
СНХР: ГАУХАР АЖМАҒАМБЕТОВА, САРЫТОМАР ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ
Мұндай семинарлар білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ұстаздарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.