М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде қала мектептері мен Қызылжар ауданының оқушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Қатысушылар оқу орнының аудиторияларымен және заманауи зертханаларымен танысып, мамандықтар, қабылдау талаптары және кәсіби өсудің мүмкіндіктері жөнінде ақпарат алды.
Болашақ студенттер үшін ұйымдастырылған экскурсия барысында колледждің білім беру бағдарламалары кеңінен таныстырылды. Оқу орнының студенттері өз жобаларын көрсетіп, оқу процесі туралы айтып берді. Іс-шара мектеп оқушыларына оқу орнының мүмкіндіктерін, мамандықтардың болашағын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер түлектерге болашақ мамандықты таңдауға нақты бағыт береді және білім беру ордасымен жақынырақ таныстырады.
АЙЫМГҮЛ ҚОШАНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде шамамен 1500 студент білім алады. Жаңа оқу жылында оқу орны 325 білім алушыны грант негізінде қабылдауды жоспарлап отыр. Ал ақылы бөлімде оқу құны - жылына 260 мың теңге.
БЕКАРЫС ТЕНДІК, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Колледжде барлығы сегіз бағыт бойынша мамандар даярланады. Қабылдау комиссиясы 25 маусымнан бастап жұмысын бастайды. Мамандардың айтуынша, оқу орнына қабылдану үшін емтихан талап етілмейді, 9 немесе 11 сынып аттестаты жеткілікті.