Солтүстік Қазақстан облысындағы өзендерде су деңгейіне мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Синоптиктердің мәліметінше, қазіргі уақытта гидробекеттердің басым бөлігінде су деңгейінің төмендегені байқалады. Алайда Ақмола облысынан келетін су ағынына байланысты Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі байқалады. Дегенмен, өзен арналарында қауіпті деңгейден асу қатері жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.