Петропавлдағы демалыс саябақтары жазғы маусымға дайындықты бастады. Қазіргі уақытта мамандар әткеншектердің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздік деңгейін тексеруге кірісті. Тексеріс қорытындысы бойынша әр нысанға арнайы рұқсат қағазы беріледі.

Саябақтағы техникалық бақылау жұмыстарын жүргізу үшін Астанадан «КРАН ЭКСПЕРТ ГРУПП» компаниясының бас сарапшысы арнайы шақыртылды. Ол жергілікті мамандармен бірлесіп, металл конструкциялардың беріктігін, іргетас бекіткіштерін және электр жабдықтарының жұмысын тексеруде. Әсіресе, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін экстремалды аттракциондарға баса назар аударылады.

ҚАЙРАТ ЛЕСОВ, ЖҮК КӨТЕРГІШ МЕХАНИЗМДЕР МЕН АТТРАКЦИОНДАРДЫ ТЕКСЕРУ ЖӨНІНДЕГІ БАС САРАПШЫ

Биыл қауіпсіздік шараларынан бөлек, саябақтардың инфрақұрылымын жақсартуға да көңіл бөлінген. Демалыс орындарында балаларға арналған жаңа нысандар орнатылып, кешкі уақытта серуендеушілер үшін жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр.

АЛЕКСАНДР КОЗЛОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Жалпы қала бойынша 50-ге жуық аттракцион техникалық бақылаудан өтеді. Мамандардың айтуынша, бұл тексеріс жұмыстары алдағы 2-3 күнге созылмақ.