Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезге шалдыққан 225 адам диспансерлік есепке алынған. СҚО фтизиопульмонология орталығының мәліметінше, дәрігер есебінде тұрғандардың бесеуі - бала. 139 науқаста туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрі анықталған. Бұдан бөлек толық ем алған, бірақ бақылауда тұрған 397 адам, оның ішінде 10 бала бар. Ал 7 адамның дертті науқаспен қатынаста болып жұқтырғандығы анықталды.

Туберкулез жұқтырғандардың орташа жасы – 20-50 аралығында. Сондай-ақ, бұл дертпен ер адамдар көбірек ауырады, сырқаттанғандардың 30% ғана әйелдер. Айта кетейік, туберкулез ауруынан көз жұмғандар саны азайып келеді. 2015 жылы 22 адам қайтыс болса, былтыр 8 науқас дүниеден өтті. Олардың барлығында туберкулез асқынған.

СНХ: ДИНАРА КӘРМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФТИЗИАТР ДӘРІГЕРІ