Петропавлда жұмыс іздеген жандар үшін жақсы мүмкіндік туды. Digital Urpaq оқушылар сарайында облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мұнда жастар, студенттер және тұрақты жұмыс тапқысы келетін тұрғындар жиналды. Іс-шараны мансап орталығы жастар ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бір алаңда – ондаған жұмыс беруші. Әрқайсысы өз ұсынысымен келген. Таңдау да кең: жұмысшы мамандықтан бастап, кеңсе қызметіне дейін. Қазір әсіресе мұғалімдерге, дәрігерлерге және IT мамандарына сұраныс жоғары.
СНХР: АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА - ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ
Келушілер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, сұрақтарын қойып, бірден түйіндеме қалдырды. Жәрмеңкеге 60-тан астам ұйым қатысты. Олардың арасында ауылдық жерлерден келген мекемелер де бар. Бұл аудан тұрғындары үшін де үлкен мүмкіндік.
СНХР: АСХАТ КЕНЖЕБЕКОВ - Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жастарға ерекше көңіл бөлінді. Келушілердің көпшілігі – студенттер. Олар үшін бұл алғашқы қадам, алғашқы таңдау. Осындай кездесулер болашақ мамандықты анықтауға көмектеседі.
СНХР: ЕЛИЗАВЕТА ЧЕРНЫШ – ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТІ
Мамандардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелердің пайдасы зор. Жұмыс беруші – кадр табады, ал жастар – нақты ұсыныс алады. Ең бастысы, еңбек нарығына бейімделу жеңілдейді.