Аустралиядан Cолтүстік Қазақстанға 304 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысында етті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға тың серпін беретін жоба жүзеге асып жатыр. Бүгін елордадағы Назарбаев халықаралық әуежайына Австралиядан арнайы борт келіп қонды. Мұхиттың арғы жағынан Қазақстанға 305 бас асыл тұқымды ангус ірі қарасы жеткізілді. Енді олар әуежайдан арнайы көлікпен Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына жөнелтіледі. Малдың 200 басы «Асыл Фарм» шаруашылығына, ал 105 басы «Шал ақын Агро» серіктестігіне бөлінеді. Шет елден ірі қара жеткізудегі мақсат өңірдің ет өндірісі көлемін арттырып, облысымыздағы зеңгі баба тұқымының генетикалық әлеуетін жақсартуға бағытталған жұмыстар.
Австралиядан жеткізілген малдың негізгі ерекшелігі — етті бағытқа бейімділігі. Ангус тұқымы ет сапасы, тез жетілуі және бордақылау кезінде салмақ қосу қабілетімен танымал. Жаңа мал басы жергілікті шаруашылықтардағы асылдандыру жұмыстарына пайдаланылып, болашақта сапалы ет өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ МИНИСТРІ
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. Асыл тұқымды мал сатып алуға «Береке» және «Игілік» бағдарламалары арқылы жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру қарастырылған. Солтүстік Қазақстан облысында осы мақсатқа 15 миллиард теңге бөлініп, 23 жобадан тұратын пул қалыптастырылған. Өңірге биыл жыл басынан бері 3533 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілген. Жыл соңына дейін олардың қатары тағы 7230 бас ірі қарамен толықпақ. Ал Австралиядан жеткізілетін ангус тұқымды мал, өңірдегі етті бағытты дамытуға ерекше үлес қосуы тиіс.
МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Австралиядан жеткізілген құнажындар Шал ақын ауданындағы «Асыл Фарм» мен «Шал ақын Агро 2020» серіктестіктеріне тиесілі. Алдағы уақытта олар асыл тұқымды малды көбейту, төл алу және ет өнімділігін арттыруға мүдделі.
Ғабиден Шманов «Асыл Фарм» серіктестігі басшысының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары
Австралиядан жеткізілген ангус ірі қарасы, өңірдегі етті мал шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстың бір кезеңі. Жобаның нәтижесі алдағы уақытта алынған төл, малдың салмақ қосу көрсеткіші және өндірілген ет көлемімен өлшенеді. Басты мақсат — импортқа тәуелді болмай , Солтүстік Қазақстан облысында өзіндік асыл тұқымды мал базасын қалыптастырып, бәсекеге қабілетті отандық сиыр етін өндіру.