Негізгі Жаңалықтар «Бір кітап – бір әлем»

«Бір кітап – бір әлем»

«Бір кітап – бір әлем»

Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында Петропавлда «Бір кітап – бір әлем» тақырыбында әдеби квиз өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған қала колледждерінен 40-тан астам студент қатысты.

Зияткерлік сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар отандық және әлем әдебиетіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Олар белгілі шығармалардың авторларын, әдеби кейіпкерлерді танып, кітаптардың мазмұны мен қанатты сөздеріне қатысты білімдерін ортаға салды.

 АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Екінші кезеңде студенттер өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, оқырмандық тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жастар бір-біріне әдеби туындыларды оқуға кеңес беріп, отандық қаламгерлердің шығармаларына ерекше назар аударды. 

ЕРКЕШ ӨМІРҰЗАҚ, СТУДЕНТ

Әдеби квиз қорытындысы бойынша іс-шарада белсенділік танытқан студенттерге дипломдар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

Бөлісу