Репродуктивті денсаулық - ұрпақ саулығының кепілі
Қазақстанда репродуктивті денсаулықты қорғау заңнамалық тұрғыдан реттелген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, азаматтардың репродуктивті таңдау еркіндігі мен отбасын жоспарлау құқығы бар. Сондай-ақ заңнамада мемлекет кепілдік берген медициналық көмек қарастырылған. Репродуктивті денсаулық адамның физикалық, психологиялық және әлеуметтік саулығымен тығыз байланысты. Оны сақтау түрлі аурулардың алдын алуға, өмір сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтың саулығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Репродуктивті денсаулықты сақтау ең алдымен адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталады. Жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден бас тарту маңызды. Сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдарын білу және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қажет.
ВИКТОР ПРОЦЕНКО, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ, РЕПРОДУКТОЛОГ
Мамандардың айтуынша, репродуктивті денсаулықты сақтауда сауатты жыныстық тәрбиенің де маңызы зор. Ол адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, саналы шешім қабылдауына және өзгенің жеке шекарасын құрметтеуіне ықпал етеді. Ал дәрігерге уақытылы қаралу ауруларды ерте анықтап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық жасау - болашаққа салынған инвестиция. Денсаулықты жас кезден күтіп, профилактикалық тексерулерден уақытылы өту адамның өмір сапасын жақсартып, келер ұрпақтың саулығына негіз болады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оны басты құндылықтардың бірі ретінде бағалауы қажет.