Қалалық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттары өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Петропавл қаласының әкімдігінде VIII -ші шақырылымның депутаттары мен қала әкімі Серік Мұхамедиевтің қатысуымен жиын өтті. Қала басшысы депутаттар корпусына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.
Қалалық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттары өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты. Қызмет барысында олар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге, маңызды бастамаларды қарауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатысты.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Үш жыл үш ай ішінде 18 депутат ауқымды жұмыс атқарып, белсенді азаматтық ұстаным танытты. Бірлескен жұмыс барысында жергілікті маңызы бар бірқатар мәселе шешімін тапты.
АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКС ХАТШЫСЫ
Жиынға қатысушылар Елена Семидоцкихтің Құрылтай депутаты атанғанын мақтанышпен атап өтті. Кездесу соңында қала әкімі депутаттарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ бірқатар депутатқа алғыс хаттар табысталды.