Негізгі Жаңалықтар СҚО ПД бастығы өңірдің шалғай аудандарын аралады

СҚО ПД бастығы өңірдің шалғай аудандарын аралады

СҚО ПД бастығы облыстың шалғай аудандарын аралады. Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров Ақжар және Уәлиханов аудандарына барды. Аудан әкімдері Нұрлан Тельтаев және Мұрат Абдуловпен бірге жеке құраммен және ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті. Бөлімшелердің техникалық жарақтандырылуын тексеріп, алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

 Руслан Назаров — СҚО ПД бастығы 

Екі аудан да облыс орталығынан едәуір қашықта орналасқан. Ал Уәлиханов ауданы — өңірдегі аумағы ең үлкен аудан.

Мұрат Абдулов — Уәлиханов ауданының әкімі 

Кездесулерде бөлімшелерді кадрлармен толықтыру, қызметтік тәртіп және күнделікті жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Руслан Назаров автопаркпен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен және байланыс құралдарымен танысып, жақында пайдалануға берілген жедел басқару орталықтарын аралады.

Ұжымдармен кездесуде Руслан Назаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында белгіленген міндеттерді еске салды.

Руслан Назаров — СҚО ПД бастығы 

Полиция полковнигі Руслан Назаров ішкі істер органдарының ардагерлеріне көпжылдық қызметі мен полицияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Бұған дейін облыстық полиция департаментінің бастығы Петропавл қаласы полиция басқармасының және өңірдегі басқа да аудандық бөлімшелердің жеке құрамымен осындай кездесулер өткізген болатын.    

Бөлісу