Негізгі Жаңалықтар Петропавл-Көкшетау жолында үш адам көз жұмды

Петропавл-Көкшетау жолында үш адам көз жұмды

Петропавл-Көкшетау жолында бес көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды. Оқиға бүгін таңғы сағат 8.00 шамасында Тайынша ауданының Кременчук ауылының маңында болды. 

Жолда үш жеңіл автокөлік пен екі КамАЗ соқтығысқан. Салдарынан Audi жеңіл автокөлігінің үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полиция абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын толық тексеру үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Зардап шеккен әйелге ота жасалды, жансақтау бөлімінде жатқан ол жабық ми-бас жарақатын алған. Сондай-ақ ішкі ағзасына зақым келген. Жігіттің миы шайқалған, бір өкпесі қысылған. Қазір денсаулығы қалпына келіп жатыр.  

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Бөлісу