Нашақорлыққа қарсы кезекті акция өтті
Петропавлда синтетикалық есірткінің таралуына қарсы «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ауқымды алдын алу акциясы өтті. Ғаламтордың қарыштап дамуы заңсыз заттардың қолжетімділігін арттырып, жастардың өміріне елеулі қауіп төндіруде. Осыған байланысты аймақта нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр.
Өңірдегі тәртіп сақшылары мен Жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы, «Айқын нәтиже», «Саналы ұрпақ» жобаларын іске асыру аясында есірткі қылмысына тосқауыл қою бойынша бірлескен шараларды қолға алды. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейді, ол — ұлттық генофондты сақтаудың маңызды кепілі. Іс-шара барысында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу және бұқараның азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
МАҒЖАН МҰХТАРОВ - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ
ДАСТАН ӘБІЛМӘЖІНОВ – ТІЛШІ
ЖАНАТ КӘКІМОВ – СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ
Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 237 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 176-сы сотқа жолданды. Заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам зиянды зат тәркіленсе, оның 9 килограмнан астамы – жаңадан пайда болған аса қауіпті синтетикалық есірткілер. Жедел әрекет пен жүйелі профилактикалық жұмыстар ғана еліміздің ертеңіне төнген қауптің бетін қайтармақ.