Astana Media Week 2026
Қазақстанның медиа саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа технологиялардың мүмкіндіктері Астанада өткен кәсіби жиында талқыланды. Astana Media Week аясында Бейбітшілік және келісім сарайында баспасөз хатшылары мен медиа мамандары бас қосып, ақпараттық саясаттың жаңа талаптарын, отандық контенттің дамуын және цифрлық құралдардың журналистикаға ықпалын сөз етті. Астанадағы әріптесіміз Рабиға Нұрлықызы тікелей байланыста. Рабиға, сөз өзіңізде!
РАБИҒА ЕРАЛЫ — ТІЛШІ
СНХР: БИБІГҮЛ БҮКЕНБАЙҚЫЗЫ - МЕДИАСАРАПШЫ
РАБИҒА ЕРАЛЫ — ТІЛШІ
Бұл форум тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мамандардың пікірінше, медианың дамуы сапалы контентке, технологиялық жаңашылдыққа және аудитория сеніміне байланысты.
Биыл Қызылжар телеарнасы үшін жағымды жаңалық. Төл туындымызбен , “Үздік ақпараттық талдамалық бағдарлама номинациясында” 2026 жылғы Тұмар ұлттық сыйлығына үміткер. Нәтижесі форумның соңғы күнінде белгілі болады. Форумнан әзірге осы. Сөз кезегін студияға беремін!