Облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кездесуде баспана, жер учаскесі және спорт алаңын салу мәселелері көтерілді. Тұрғындардың өтініштері қаралып, бірқатарына нақты шешімдер ұсынылды.
Аймақ басшысына алғаш болып өз базынасын қала тұрғыны Виктория Кельм қойды. Нәзікжанды бұрын Былғары зауыты кентінде тұрған. 2024 жылғы су тасқыны кезінде баспанасын су басыпты. Арнайы комиссия мамандары үйін тексерген. Апатты деп таныған. Бірақ, азаматша әлі де өтемақы ала алмай жүр. Қазір облыс орталығында пәтер жалдап тұрады.
ВИКТОРИЯ КЕЛЬМ, қала тұрғыны:
Алдағы уақытта мәселе өз шешімін табады. Нәзікжандыға су жаңа пәтер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев айтты.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
Қажымұрат Әлжанов - Ауған соғысының ардагері. 2022 жылы қаруластарымен бірлесіп, шаһардағы Д.Карбышев атындағы №40 орта мектептің базасында "Жас батыр" атты әскери-патриоттық клуб ашқан. Орталықта студенттер мен оқушылар әскери машықтарын шыңдайды.
ҚАЖЫМҰРАТ ӘЛЖАНОВ, Ауған соғысының ардагері:
Облыс әкімі бұл мәселеден хабардар. Футбол алаңының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Жуырда құрылыс жұмыстары басталады.