Негізгі Жаңалықтар Спорт саласының қызметкерлері спартакиадада бақ сынауда

Спорт саласының қызметкерлері спартакиадада бақ сынауда

Бүгін «Қарасай» стадионында ерекше турнирдің жалауы желбіреді. Бұл жолы спорттық додаға бапкерлер мен кәсіби спортшылар емес, саланың өркендеуіне үлес қосып жүрген әкімшілік және техникалық ұжым өкілдері қатысуға ниет еткен. Басты мақсат бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау. 

ДАСТАН ӘБІЛМӘЖІНОВ – ТІЛШІ

Ұжымдық рухты шыңдап, достық қарым-қатынасты нығайтуды көздеген тартысты додаға Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан 300-ге жуық қатысушы, сондай-ақ ардагерлер толық құрамда өнер көрсетуге жиналған. Ережеге сай, кәсіби спортшылар мен жаттықтырушыларға жарыс жолына шығуға тыйым салынған. 

 ӨМІРТАЙ НҰРҒАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Спартакиада бағдарламасы ауқымды. Мұнда шағын футбол, «Асық ату», «Бес тас», ұзындыққа секіру сияқты тағы басқа эстафеталық сайыстар қамтылған. Алыс-жақын аудандардан келген қатысушылар үшін бұл спорттық шара тек бәсеке емес, тәжірибе алмасып, сергіп қайтудың таптырмас мүмкіндігіне айналды.

СТАНИСЛАВ ПОЛЕВНИЧИЙ –ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БЖСМ НҰСҚАУШЫСЫ 

Үш күнге созылатын айтулы бәсекеде жеңіс тұғырынан көргісі келетін ұжымдардың дайындығы жоғары. Бұған дейін де бірнеше мәрте топ жарып, чемпиондық атақты қорғауға келген тәжірибелі құрамалар бар. 

ӘДІЛЕТ ҚАУЫМБАЕВ - СҚО ҮСТЕЛ ТЕНИССІНЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Спартакиада қорытындысы бойынша жекелеген спорт түрлерінен оза шапқандар дипломдармен және медальдармен марапатталады. Ал жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтерілген үздік ұжым кубокты қанжығасына байлайды.  

Бөлісу