Негізгі Жаңалықтар Күздің көркін кіргізген хризантемалар

Күздің көркін кіргізген хризантемалар

 Күз келіп, бақтағы гүлдердің басым бөлігі сола бастайды. Ал хризантемалар керісінше, осы мезгілде ерекше құлпырады. Петропавл қаласының тұрғыны Рита Култышева бірнеше жылдан бері гүл өсірумен айналысады. Әсіресе, хризантеманың сан алуан түрін өсіруге қызығады. Бастапқыда ермек үшін бастаған ісі бүгінде сүйікті кәсібіне айналған.

Ританың гүл өсіруге деген қызығушылығы декреттік демалыс кезінде басталған. Күнделікті тірлікті түрлендіріп, жанына жақын іспен айналысқысы келген ол алғашында бірнеше гүл егіп көрген. Кейін жаңа тұқымдар мен өсіру әдістерін сынап, гүл түрлерін көбейте бастаған. Ал хризантема оның ерекше ықыласын оятқан.  

РИТА КУЛТЫШЕВА, ГҮЛ ӨСІРУШІ

Гүл өсіру де күтімді қажет етеді. Рита жаз бойы өсімдіктерді қоректендіріп, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғауға мән береді. Алғашқы үсік кезінде гүлдердің әдемілігін сақтап қалу үшін арнайы агроталшықпен жабады. Қысқа дайындау жұмыстары да ерте басталады.

РИТА КУЛТЫШЕВА, ГҮЛ ӨСІРУШІ

Ританың бақшасында хризантеманың бірнеше сорты бар. Олар гүлдерінің көлемі, пішіні және гүлдеу мерзімі бойынша ерекшеленеді. Гүл өсіруші ерте және орта мерзімде гүлдейтін түрлерді қатар егіп, бақтың көркін ұзақ сақтауға тырысады. Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстанның ауа райына бейімделген жергілікті сорттарды таңдаған дұрыс. 

Бөлісу