«Заң және Тәртіп»: Ауылдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары
Ауылдық учаскелік полиция инспекторының жұмысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, құқықтық тәртіпті сақтауда және азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Тайынша ауданының Абай ауылдық округіне 4 елді мекен кіреді, онда 1600-ден астам адам тұрады.
Ауылдық учаскелік инспектор қызметінде «Заң мен Тәртіп» қағидасын қамтамасыз ету — басты міндет. Бұл тұжырымдаманы іске асыру жергілікті жерлердегі күнделікті кешенді жұмыстан бастау алады. Өтініштерге жедел әрекет ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындармен ашық диалог орнату және әр азаматтың мәселесін назардан тыс қалдырмау - полиция мен мемлекеттік институттарға деген халық сенімін арттырудың басты кепілі.Тәртіпті қамтамасыз етуде техниканың да рөлі зор. Абай ауылдық округінде 85 бейнебақылау камерасы орнатылған, сондай-ақ жаңа автокөлік бар.
РУСЛАН БЕКБОЛАТОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ: