Петропавлда кикбоксингтен облыстық чемпионат өтіп жатыр
Петропавл қаласында кикбоксингтен облыстық чемпионат өтіп жатыр. Жарысқа Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан 50-ден астам жас спортшы қатысуда. Қатысушылар кіші жастағы жасөспірімдер мен кадеттер арасында жас және салмақ дәрежелері бойынша бақ сынауда.
Облыстық чемпионатты өткізу балалар мен жасөспірімдер спортының дамуы үшін зор маңызға ие. Мұндай жарыстар спортшыларға өз шеберліктерін көрсетуге, құнды жарыс тәжірибесін жинақтауға және спорттағы жетістіктерге жету жолында тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді.
ӘДІЛ НҰРЖАУПОВ, СҚО КИКБОКСИНГТЕН БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Облыстық чемпионат дарынды спортшыларды анықтауға және жас боксшылардың шеберлік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жаттықтырушылар үшін бұл — өз жұмыстарының нәтижесін бағалауға мүмкіндік болса, қатысушылар үшін алдағы спорттық додаларға ынталанып, жаңа белестерді бағындыруға жол ашады.
МАНСҰР БОЛАТ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ
Кикбоксинг спортшылардан жылдамдықты, дәлдікті және тактикалық дайындықты талап етеді. Чемпионат үш күнге созылады.