Негізгі Жаңалықтар Петропавл маңында тіркемесі бар «КамАЗ» аударылды

Петропавл маңында тіркемесі бар «КамАЗ» аударылды

Петропавл қаласын айналып өтетін автожолда тіркемесі бар «КамАЗ» жүк көлігі аударылды. Жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 09:50 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылып, аударылған. Жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, іс жүргізу үшін материалдар жинап жатыр. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмай, жолда аса қырағы болуға шақырады.

СНХР: БАХТИЯР ДОЩАНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ Патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

Бөлісу