Жаңа Конституция – жастардың әлеуетін арттырудың құқықтық негізі
Қазақстанның ертеңі- бүгінгі жас буынның интеллектуалдық әлеуеті мен белсенділігіне тікелей байланысты. Республика күнінің 35 жылдығы қарсаңында аға буын өкілдері мемлекеттің қалыптасу кезеңдерін қорытындылап, жаңа Конституция аясында ашылған стратегиялық мүмкіндіктерді талқылауда. Ардагерлер қауымы үшін жаңа Ата Заң -мемлекеттілікті нығайтудың жаңа кезеңі ғана емес, елдің егемендігін сақтауға және ұлттық бірлікті ілгерілетуге ұмтылған жастарға арналған негізгі құқықтық бағдар.
Ардагерлердің пайымдауынша, жаңа Конституция Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мызғымас деңгейде сақтауға басымдық берілген. Аға буын өкілдері бұл іргелі қағидаттар ел болашағына үлес қосатын жас мамандардың қызметінде басты бағыт болуы тиіс деп есептейді. Қазіргі уақытта жас буын үшін инновациялық мүмкіндіктер кезеңі басталды. Жасанды интеллект жүйелерін дамыту, озық технологияларды өндіріске енгізу, экономикалық құрылымды жаңғырту және еңбек жағдайларын жетілдіру процестері жоғары біліктілікті, жауапкершілік пен жасампаз бастамаларды талап етеді. Сала мамандары технологиялық прогресс мемлекет игілігіне қызмет етуі қажеттігін, ал жас кадрлар бұл процесті өздерінің интеллектуалдық идеяларымен толықтыруға міндетті екенін атап өтті.
СИНХРОН: ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ