2-ЖЭО-да ақпараттық экскурсия өтті
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавлдағы 2-ЖЭО-сында ақпараттық экскурсия өтті. Қатысушыларға 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылды. Биыл станцияны жаңғыртуға 4 миллиард 252 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Қаржы №2 қазандық агрегатын қайта құруға, №6 бойлер қондырғысындағы негізгі бойлерді ауыстыруға және №1 турбоагрегатты жаңартуға бағытталған. Бұл жобалар станция жабдықтарын жаңартып, оның жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Петропавлдағы 2-ЖЭО-да бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – №2 қазандықты қайта құру. Жобаның жалпы құны 28 миллиард теңгені құрайды. Жұмыстар 2023 жылы басталған. Оны толық аяқтау 2028 жылға жоспарланған.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ ,«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Станцияда №1 турбоагрегатты жаңарту жұмыстары да жүргізілуде. Бұған дейін бұл қондырғы тек электр энергиясын өндірген. Қайта құрудан кейін ол жылу өндіруге де мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде станцияның жылу қуаты сағатына 90 гигакалорияға артады. Бұл қаланың жаңа тұрғын аудандарын жылумен қамтуға көмектеседі.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ ,«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ
Қазір станция жабдықтарының тозу деңгейі 58 пайызды құрайды. Мамандар биыл жабдықтардың тозуын тоқтатып, 2028 жылдан бастап оны азайтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар №3 түтін мұржасын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оны келесі жылы аяқтау көзделген. Ал №2 түтін мұржасын 2027–2028 жылдары пайдаланудан шығару жоспарланып отыр.