Берекелі алқап, заманауи тәсіл: Тайыншада көкөніс өсіру ісі өріс алуда
Тайынша ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі – «АСТЫК-STEM» серіктестігі дәнді дақылдардан бөлек, көкөніс баптауды да қарқынды жүргізіп келеді. Сапалы өнімді жинау, өңдеу және ұзақ мерзімге сақтаудың қыр-сыры қандай? Әріптесім тарқатады.
Серіктестік дәнді дақылдармен қатар көкөніс өсіруді де басты бағыттарының біріне айналдырған. Мұнда картоп пен өзге де көкөніс түрлері өндірістік ауқымда өсіріледі. Қазіргі таңда мол өнім жиналып, қоймалар мен астық қабылдау пункттеріне тасымалданып жатыр. Әсіресе, жүгері пастасын дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұның жай-жапсарын шаруашылық жетекшісі баяндап берді.
СНХ: СЕРГЕЙ ЗВОЛЬСКИЙ - АГРОҚҰРЫЛЫМ ЖЕТЕКШІСІ:
Өнімді ысырапсыз жинаумен қатар, оны сату сәтіне дейін сапасын жоғалтпай сақтау – шаруалар үшін өте маңызды. Серіктестік иелігінде 10 мың тонна өнімді сыйдыратын еңселі көкөніс қоймалары, қосымша ғимараттар мен заманауи құрал-жабдықтар бар. Өнім жинау және сұрыптау кезеңінде картоп жинайтын комбайндар мен конвейерлік технологиялар кеңінен қолданылып келеді.
ТАТЬЯНА ЛЮБОШЕВСКАЯ - АГРОҚҰРЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Өнім бұзылмас үшін мұнда температуралық режим қатаң бақыланады. Атап айтсақ, картоп сақталатын орында ауа температурасы +1 градусты ұстанса, сәбіз үшін -1 градус шамасы тиімді. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, заманауи озық техниканың игілігі жұмыс өнімділігін арттырып, еңбекті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр.