Негізгі Жаңалықтар Тілдерді оқыту орталығына – 10 жыл

Тілдерді оқыту орталығына – 10 жыл

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының құрылғанына 10 жыл толды. Мерейтойға орай Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Тіл – татулықтың тұғыры» атты салтанатты іс-шара өтті. Тілші материалына зер салайық.

Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ұстаздар, студенттер және орталықтың қалыптасуына үлес қосқан азаматтар қатысты. Он жыл ішінде мұнда 20 мыңнан астам адам тіл үйренген. Олардың қатарында мемлекеттік тілді меңгеріп, мемлекеттік қызметте және түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар бар.

СНХР: ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мерейтойға еліміздің 13 облысынан келген қонақтар да қатысты. Айта кету керек, аталған орталық - өңірде мемлекеттік тілді үйрететін жалғыз мемлекеттік мекеме. Салтанатты жиында облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанат Сексенбаев орталықтың жұмысына тоқталып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің маңызын атап өтті.

ЖАНАТ СЕКСЕНБАЕВ, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Салтанатты жиында тілдерді оқыту саласына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамоталары мен Тіл саясаты комитеті төрағасының алғыс хаттары табысталды. Марапат иелерінің қатарында орталықты он жыл бойы басқарған еңбек ардагері Үмітжан Шынтемірова да бар.

ҮМІТЖАН ШЫНТЕМІРОВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

Айта кетейік, Тілдерді оқыту орталығы «QYZYLJAR» телеарнасымен меморандум аясында ынтымақтастық орнатып, көрермендерге қазақ тілін үйренуге мүмкіндік беретін «Қазақша оңай» бағдарламасын ұсынып келеді. Мерейтойлық жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бөлісу