Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндіктер алаңы

Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндіктер алаңы

Жасанды интеллект бүгінде түрлі салада кеңінен қолданылып, жұмыс үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағытта облыс орталығында жасанды интеллектіні кәсіпкерлік саласында қолдану жолдарына арналған кездесу өтті. SKO Hub алаңында қатысушылар ЖИ құралдарын пайдалану, жұмыс үдерістерін автоматтандыру және цифрлық шешімдер әзірлеу мүмкіндіктерін талқылады. 

Кездесудің алғашқы бөлімінде жасанды интеллект пен вайбкодингтің бизнестегі мүмкіндіктері сөз болды. Бүгінде ЖИ-құралдары көптеген міндетті автоматтандырып, уақытты үнемдеуге және жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, Алматыдан арнайы келген кәсіпкер Константин Кудряшов өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи технологияларды жұмыс барысында қолдану жолдарын түсіндірді.

СНХР: КОНСТАНТИН КУДРЯШОВ, КӘСІПКЕР

Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер мен IT мамандарының қатарында Autonomous.ai жобасының негізін қалаушы Даниил Инжеватов та болды. Оның айтуынша, мұндай кездесулер жаңа идеялармен танысуға және жасанды интеллект негізінде әзірленген шешімдердің мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге жол ашады.

СНХР: ДАНИИЛ ИНЖЕВАТОВ, AUTONOMOUS.AI ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 

Жасанды интеллект тақырыбы - AI Tea форматындағы кездесумен жалғасты. Оған қала тұрғындары мен осы бағытқа қызығушылық танытқан барлық ниет білдірушілер қатысты. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар командаларға бөлініп, түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы технологияның жаңа мүмкіндіктерін сынап көрді. 

СНХР: ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА, SKO HUB ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай кездесулер өңірде цифрлық технологияларды дамытуға және жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді. Ал қатысушылар үшін бұл – жаңа мүмкіндіктерді меңгеріп, заманауи технологияларды күнделікті жұмысқа енгізуге жасалған қадам болды.

Бөлісу