Спорттық бал билерінен қала әкімінің ашық кубогы өтті
Петропавлда спорттық бал билерінен қала әкімінің ашық кубогы өтті. Додаға еліміздің бірнеше қаласынан 500-ден астам биші жиналды. Қатысушылар би алаңында шеберлігін көрсетіп, үздік атану үшін бақ сынады. Жарыс жас таланттарды қолдауға және би өнерінің дәстүрін жалғастыруға бағытталған.
Әуен ырғағымен үйлескен қимыл, мінсіз үйлесім мен сахналық шеберлік. Би алаңына шыққан әр өнерпаз көрерменнің көңілінен шығуға тырысты. Қатысушылар өзара бақ сынап қана қоймай, ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесін көрсетті. Жарыс аясында балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында іріктеу кезеңдері өтіп, үздіктер финалға жолдама алды.
СНХР: АЛЕКСАНДРА ЕРЕМЕЕВА — ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИ ҰЙЫМЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Би – тек әсем қимыл емес, ол тәртіпті, төзімділікті және үздіксіз еңбекті талап ететін өнер. Қатысушылар жарыс қарсаңында Қазақстанның үздік ұстаздарынан және Ресейден келген мамандардан дәріс алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, би үйренуді кез келген жаста бастауға болады. Ал мұндай турнирлер бишілердің тәжірибе жинақтап, кәсіби деңгейін карттыруға мүмкіндік береді.
СНХР: МАРИЯ СУДНИЦЫНА — ҚАТЫСУШЫ, ПЕТРОПАВЛ Қ.
СНХР: АЙКӨРКЕМ ТҰРСЫНБАЙ — ҚАТЫСУШЫ, АСТАНА Қ.
Ашық кубокқа Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай және Рудный қалаларынан бишілер келді. Бұл жолы жарысқа тек отандық спортшылар қатысты. Ал ұйымдастырушылар алдағы уақытта турнир ауқымын кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі ірі жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.
СНХР: ИВАН КИМЛАЧ — ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Петропавл қаласы әкімінің ашық кубогы спорттық бал билерін кеңінен насихаттап, жас таланттардың танылуына жол ашты. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстар алдағы уақытта да жалғасып, би өнеріне қызығушылық танытатындар қатары арта түседі деп сенеді.