Негізгі Жаңалықтар Абылай хан резиденциясының ауласына ағаш көшеттері отырғызылды

Абылай хан резиденциясының ауласына ағаш көшеттері отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы біздің өңірімізде де қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл жолы Абылай хан резиденциясы кешенінің ауласы абаттандырылып, мәдениет саласының ардагерлері мен жастар игі істе бас қосты. Шараның басты ерекшелігі - тарихи нысанда әр мекеме мен аға буын өкілдері атынан атаулы көшеттердің отырғызылуы. 

Сенбілікте Облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен өткен шараға мәдениет саласының өкілдері, «Жасыл ел» волонтерлік ұйымы мен Күләш Байсейітова атындағы оқу орны филиалының студенттері қатысты. Басты мақсат - өңірдің рухани кешенін көркейтіп, жасыл желекке көмкеру.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҚЫДБЕКОВА – «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі табиғат жанашырларының қатарында 30-ға жуық мәдениет саласының ардагері мен оқу орнының 10 студенті бар. Ынтымағы жарасқан ұжым мен ардагерлер бұл бастаманы алдағы уақытта да тұрақты дәстүрге айналдыруды көздейді.

СНХ: ҒАЛИЯ ЖҰМАҒҰЛОВА – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ  

Абаттандыру акциясы тек физикалық еңбекпен шектелмеді. Іс-шара барысында студенттер әуезді әннен шашу шашып, сенбілікке қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бұл күнді нағыз достық пен сабақтастық салтанатына айналдырды.

Бөлісу