«Қызылжардан ескен леп» әдеби-сазды кеші
Өңірімізде рухани өмірдің тынысын кеңейтіп, жас таланттардың шығармашылығын паш еткен айтулы шара ұйымдастырылды. Облыс орталығында жас өнерпаздардың қатысуымен «Қызылжардан ескен леп» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның басты мақсаты – өнер мен әдебиетті тоғыстырып, өңірдегі жас таланттардың басын қосатын бірегей орта қалыптастыру.
Кеш барысында сахна төрінде жыр мен ән үйлесім тауып, жас өнерпаздар өздерінің туындыларын көрермен назарына ұсынды. Көңілге шуақ ұялатқан әсем әндер мен жүректен шыққан сырлы жырлар қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
АБАЙ МӘТІЛБАЙҰЛЫ, ЖАС АҚЫН
1985 жылы облыс орталығында жергілікті ақындар Қызылжардың аспанын жырға бөлеген еді. Араға 41 жыл уақыт салып, жас ақындар бұл игі шараны қайта жалғады.
САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жүрегі жыр деп соққан жас өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, қанаттандыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада өлең әлеміне қадам басып жүрген жастардың еңбегі жоғары бағаланды. «Қызылжардан ескен леп» атты кеш тек ән мен жырдың ғана емес, жаңа буын ақындардың бағы жанған айтулы іс-шараға айналды.