Ұрпақтар сабақтастығы
Ұстазға құрмет - ұрпаққа өнеге. Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде ардагер педагогтерге арналған экологиялық акция өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы іс-шара Ұстаздар күні мен Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған. Бүгін мектеп аумағына жеті қарағай отырғызылып, оған білім ордасының жеті ардагер ұстазы қатысты.
Бүгін бұл аумақта жай ғана ағаш емес, ұрпақтар сабақтастығының белгісі отырғызылды. Мектептің жеті ардагер ұстазы өздері еңбек еткен білім ордасына келіп, жас ұрпақ өкілдерімен бірге көшет екті. Игі іске 11-сынып оқушылары да белсенді ат салысты. Осылайша аға буынның өнегесі кейінгі ұрпаққа жалғасты.
СНХР: БИКЕШ ҚАСЕНОВА — М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Акцияның мақсаты - қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, ұстаз еңбегін ұлықтау. Себебі талай шәкірттің өмір жолына бағыт-бағдар берген педагогтер үшін мектеп - қызмет атқарған жер ғана емес, тұтас бір ғұмырдың куәсі. Ал бүгін отырғызылған әрбір көшет - сол еңбектің жалғасы іспетті.
СНХР: СӘУЛЕ ДАНИЯРОВА — АРДАГЕР ҰСТАЗ
«Таза Қазақстан» аясындағы «Ардагер ұстаздар аллеясы» акциясы облыс көлемінде де жалғасын тапты. 14 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ұйымдастырылған шараға өңірдегі 13 аудан, Петропавл қаласының 36 мектебі және жалпы 435 білім беру ұйымы қатысуда. Осы уақыт аралығында екі мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған.