Негізгі Жаңалықтар Ботай Кембриджді бағындыруда: ұлы дала мұрасы әлемдік аренада

Ботай Кембриджді бағындыруда: ұлы дала мұрасы әлемдік аренада

Ұлы даланың көне тарихынан сыр шертетін Ботай мәдениеті енді әлемнің ғылыми орталықтарының бірінде таныстырылды. Кембриджде «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі ашылып, Солтүстік Қазақстанның бірегей археологиялық мұрасы халықаралық ғылыми қауымдастық назарына ұсынылды. Көрменің ашылуына аталмыш қауымдастықтың жүзге жуық өкілі қатысты. Арасында Кембридж қаласының мэрі Мария Клеминсон, Кембридж университетінің профессоры Кэмерон Петри және Эксетер университетінің профессоры Алан Отрам бар. 

Салтанатты шарада Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Әлібек Бақаев құттықтау сөз сөйлеп, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің құттықтау хатын жеткізді. Жиын барысында Ботай мұрасын шетелде одан әрі таныту, ғылыми және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Ботай мәдениетіне қатысты нысандарды ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмыстардың перспективалары қаралды.

СНХР: ГҮЛНҰР ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕНОВА — «БОТАЙ» АРТ-ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бөлісу