Мектептегі стартаптар оқушылар идеясын жобаға айналдыруда
Қазір мектеп оқушысы тек білім алып қана қоймай, өз идеясын жүзеге асырып, нақты мәселелердің шешімін іздей алады. Петропавлдағы №5 мектепте стартап бағыты белсенді дамып келеді. Бүгінде білім ордасында 869 оқушы білім алып, 80-ге жуық мұғалім еңбек етеді. Мұнда оқушылар өз жобаларын жасап, форумдар мен хакатондарға қатысып, бизнес-жобаны іске қосудың алғашқы қадамдарын үйренуде.
Мектептегі стартаптар тобына мұғалімдер мен оқушылар кіреді. Жоба авторлары теориямен шектелмей, өз идеяларын тәжірибе жүзінде сынайды. Өткен жылы мектепте 10 стартап әзірленген.
ЮЛИЯ МЕЛЬНИКОВА, №5 МЕКТЕПТІҢ «СТАРТАПТАР» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Оқушылардың жобалары түрлі бағытты қамтиды. Stop Flood су тасқыны мен құрғақшылық туралы ескертсе, AirNorm (АЕРОНОРМ) сыныптағы ауаны бақылауға көмектеседі. Ал StepCargo SMART ауыр жиһазды жоғары қабатқа көтеруге жүк тасушы табуға мүмкіндік береді. Қазір жобаның интерактивті прототипі дайын.
МАҒЖАН САЙРАН, 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мектепте виртуалды физика зертханасы, ақылды жылыжай, ауыл шаруашылығы, ара шаруашылығы және білім беру бағытындағы жобалар да бар. Жаз бойы оқушылар акселерациялық бағдарламаға қатысып, трекерлермен жұмыс істеді. Ал 11 қыркүйектегі Demo Day-да мектеп оқушылары 17 қатысушының арасынан үздік үштікке енді.