Жастар және кітап: оқырман мәдениетін арттыруға арналған диалог өтті
Кітап — өмірді өзгертетін құрал. Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық кездесу өтті. Еркін форматтағы жиынның мән-жайын келесі сюжетте баяндаймыз.
Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, кітапхананы жай ғана кітап қоры емес, ашық пікірталас пен өзін-өзі дамыту алаңы ретінде таныту — басты міндет. Осы мақсатта өңірлік Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған басқосуға 50-ге жуық белсенді ұл-қыз жиналды.
СНХ: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Рухани кездесуде заманауи кітапхана кеңістігінің мүмкіндіктері де кеңінен сөз болды. Қазіргі таңда бұл мекемелер жастардың өзара тәжірибе алмасып, тұлғалық тұрғыда өсуіне жағдай жасайтын заманауи орталыққа айналып келеді. Шараға арнайы шақырылған қаламгерлер де оқырман талғамы мен сөз өнерінің бүгінгі бағытына қатысты ойларымен бөлісті.
СНХ: КИРИЛЛ ФИЛОНОВ – ЖАЗУШЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жас оқырмандармен кері байланысты күшейтіп, осындай кездесулерді тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.