Негізгі Жаңалықтар Педагогикалық шеберлік пен патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған конференция өтті

Педагогикалық шеберлік пен патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған конференция өтті

Креатив орталығында «Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлік пен патриоттық тәрбие: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында II республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының Жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шараға ғалымдар, зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және патриоттық тәрбиенің тиімді жолдарын айқындау болды. Қатысушылар заманауи педагогикалық әдістер мен цифрландыру жағдайындағы оқыту тәсілдерін, жастардың азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімін қалыптастыру мәселелерін талқылап, өз баяндамаларын ұсынды. Сондай-ақ дәстүрлі тәрбие құндылықтарын инновациялық тәсілдермен ұштастыру жолдары қаралды. Жиын барысында білім сапасын арттыру мен жоғары оқу орындарының тәрбиелік әлеуетін күшейтуге бағытталған ұсыныстар айтылды.

СНХР: МҰРАТ ШАПАШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАФЕДРА БАСТЫҒЫ

Бөлісу