Негізгі Жаңалықтар Облыстық телеарна ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Облыстық телеарна ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Qyzyljar» телеарнасының ұжымы өздерінің тәжірибелі қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Студияда телерадио саласының ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті. Мұндай жүздесулер жыл сайын ұйымдастырылып, ұжымның әр буын өкілдерін біріктіретін игі дәстүрге айналған.


Ардагерлер талай жыл еңбек етіп, телевизиялық бағдарламалар әзірлеп, түрлі репортаждар дайындаған өздеріне етене жақын ғимаратқа қайта шақырылды. Бұл күні естеліктер мен қызықты оқиғаларға толы, сондай-ақ алғысқа бөленген жылы кездесу ұйымдастырылды.


РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Әріптестері ардагерлердің өңірлік телеарнаның дамуына қосқан үлесін, кәсіби шеберлігі мен өз ісіне деген адалдығын атап өтті.


АКЖІГІТ БИСИМБАЕВ, ТЕЛЕАРНА АРДАГЕРІ 


Мұндай кездесулер – өңірлік телеарнаның қалыптасуының бастауында тұрған және өз еңбегімен оның тарихын жасаған жандарға алғысымызды білдіруге мүмкіндік береді.

Бөлісу