Қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды
Қалалық мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға аға буын өкілдері қатысып, мерекелік кештің қонағы болды. Концерттік бағдарлама барысында түрлі шығармалар орындалып, көрермен назарына бірнеше өнер нөмірі ұсынылды.
Қариялар - талай жылдық тәжірибесі мен өмірлік өнегесін кейінгі ұрпаққа қалдырып келе жатқан қадірлі жандар. Олардың еңбегі мен өнегесі әрдайым құрметке лайық. Мерекелік кеште қала әкімінің орынбасары да аға буын өкілдеріне жылы лебізін білдірді.
АЙНҰР ШАЙМЕРДЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шара барысында бірқатар қарияға еңбегі мен қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар табысталды. Құрметке ие болғандар қатарында түрлі салада ұзақ жыл еңбек еткен қала тұрғындары бар.Шара барысында бірқатар қарияға еңбегі мен қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар табысталды. Құрметке ие болғандар қатарында түрлі салада ұзақ жыл еңбек еткен қала тұрғындары бар.
НАДЕЖДА УШАКОВА, «СКРЭК» АҚ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мерекелік жиынға жиналған қауымның қарасы қалың болды. Шара барысында түрлі әндер шырқалып, сахнада әсем билер мен концерттік нөмірлер ұсынылды.
Қариялар – елдің өткенін білетін, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін қадірлі жандар. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – жастар үшін баға жетпес мұра.