Негізгі Жаңалықтар Солтүстік қазақстан облысы комплаенс-офицерлерінің форумы өтті

Солтүстік қазақстан облысы комплаенс-офицерлерінің форумы өтті

Солтүстік қазақстан облысы комплаенс-офицерлерінің форумы өтті

Солтүстік Қазақстан облысында комплаенс-офицерлердің жиыны өтті. Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, салалық реформалар мен жаңа үлгілік ережелердің мән-жайы сарапқа салынды. Заңнамадағы басты жаңалықтар мен комплаенс қызметінің жүгін жеңілдетіп, беделін асырар жаңа міндеттер жайлы сөз қозғалды.

КСМ: Сыбайлас жемқорлықпен күресте көзбояушылыққа орын жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа үлгілік ереже ұйымдардағы комплаенс қызметін сапалық тұрғыдан жаңа белеске көтеруді көздейді. Ендігі жерде ұлттық холдингтер, мемлекеттік компаниялар мен жұмысшы саны 100-ден асатын мекемелерде дербес комплаенс құрылымының болуы – заңды талап. Бұл өзгеріс бақылауды қағаз жүзінде емес, іс жүзінде күшейтуге бағытталған. Енді комплаенс-офицерлер Директорлар кеңесіне немесе Антикорға тікелей есеп береді. Оларға барлық құжаттарға толық рұқсат беріліп, қызметіне қысым жасауға қатаң тыйым салынды.

СНХ: АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Бөлісу