Негізгі Жаңалықтар iKOMEK: қоңыраудан — шешімге дейін

iKOMEK: қоңыраудан — шешімге дейін

Бүгінде қалалық қызметтер цифрлық форматқа көшіп, тұрғындардың мәселесін жедел шешуге басымдық беріп отыр. Олардан түскен өтініш жүйеде тіркеліп, бірнеше кезеңнен өтеді де, соңында тиісті мамандарға нақты тапсырма ретінде жолданады. Петропавлдағы iKOMEK ситуациялық орталығында бұл үдеріс қалай жүзеге асады? Сюжеттен көрейік.

ЗКТ: iKOMEK – Петропавл қаласы әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы. Мұнда тұрғындардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қалалық инфрақұрылымға қатысты өтініштер қабылданады. Жүйе 53 ұйымның жұмысын біріктіреді. Орталық 2019 жылы іске қосылған. Бүгінде мәселені қашықтан шешуге болады: ол үшін 109 нөміріне қоңырау шалу немесе әлеуметтік желілер арқылы өтініш қалдыру жеткілікті.

СНХ: САБИНА АХМЕТ – iKOMEK СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ЖЕЛІ ИНСПЕКТОРЫ

СНХ: МАШАКАР БАСКИНОВА – iKOMEK СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕЛІ ИНСПЕКТОРЫ

ЗКТ: iKOMEK жұмысын бастағалы бері коммуналдық қызметтерге азаматтардың жеке барып жүгінуі бес есеге азайған. Жүйе өтініштерді автоматты түрде бағыттарға бөліп, ал мамандар олардың орындалуын бақылайды. Цифрландырудың келесі кезеңі – жасанды интеллект. Жыл соңына дейін орталықта жасанды интеллект негізіндегі роботты іске қосу жоспарланып отыр. Жүктеме артқан кезде ол қоңырауларды қабылдап, өтініш карточкасын қалыптастырып, жауапты орындаушыға жібере алады.

СНХ: ЕРНАР БАЙСЕЙІТОВ – iKOMEK СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

ЗКТ: Ситуациялық орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Бір ауысымда операторлар орта есеппен 300-ге дейін өтініш қабылдайды. Ал мәселесін жеке барып шешкенді жөн көретін тұрғындар үшін қала әкімдігінде фронт-офис жұмыс істейді.

Бөлісу