Санитариялық-эпидемиология саласының қызметкерлері марапатталды
Өңірде санитариялық-эпидемиология қызметінің күні атап өтілді. Салтанатты іс-шара креативті орталықта өтті. Бүгінде Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінде 118 маман еңбек етуде. Кәсібилігі, адал еңбегі және өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатына қосқан үлесі үшін 17 қызметкер марапатқа ие болды.
Өңірдің санитариялық қауіпсіздігін бұл сала мамандары күн сайын қадағалап келеді. Олар су мен азық-түлік сапасын бақылап, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізеді. Айтулы мереке күні мамандарға алғыс айтылды. Жиналғандарды облыс әкімінің атынан оның орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады. Ол қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі бұл қызметтің маңызын атап өтті.
СНХ: ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгін еңбегі еленген 17 маманға түрлі марапат табысталды. Солардың қатарында Ақжар ауданынан келген Шынар Қасенова бар. Ол «Салаға қосқан үлесі үшін» медалін иеленді.
СНХР: ШЫНАР ҚАСЕНОВА – АҚЖАР АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада өңір әртістері өнер көрсетті. Бүгінде Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінде 118 маман еңбек етуде. Олар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесін жетілдіріп, заманауи технологияларды енгізуді және материалдық-техникалық базаны нығайтуды жалғастыруда.