Негізгі Жаңалықтар СҚО әкімінің Тайынша ауданына жұмыс сапары

СҚО әкімінің Тайынша ауданына жұмыс сапары

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар инвестициялық жобамен және агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Өңір басшысының жұмыс сапары кезінде қандай нысандар назарға алынды? Келесі сюжетте.


Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Чкалов ауылына барды. Мұнда «Север-Охота» ЖШС артемия шаянының цисталарын өңдеп, сатуға арналған зауыт салып жатыр. Инвестициялық жобаның құны – 1 миллиард 300 миллион теңге. Кәсіпорын жылына 1200 тоннаға дейін өнім өңдей алады. Өнімді шетелге экспорттау жоспарланып отыр.


Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Ильичевка ауылына барып, «ПТФ Есильская» ЖШС-нің жаңа құс қорасы құрылысымен танысты. Ол 80 мың мекиен тауыққа есептелген. Кәсіпорын жұмыртқа мен құс етін Қазақстанның барлық дерлік өңіріне жеткізеді. Сондай-ақ өнімін көршілес Ресей мен Қырғызстанға экспорттайды. Бұдан бөлек, Теңдік ауылында өңір басшысы аға буын өкілдерімен кездесті. Ол жергілікті тұрғындарды Қарттар күнімен құттықтап, облыстың бүгінгі жетістіктері аға буынның еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Одан кейін облыс әкімі ауылдағы жаңғыртылған Мәдениет үйін аралады. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жақында аяқталған. Қазір ғимаратта заманауи кабинеттер бар. Олардың қатарында қолөнер шеберханасы, кітапхана, вокал және театр өнерін меңгеруге арналған орындар, дзюдо залы және басқа да шығармашылық кеңістіктер қарастырылған. Жұмыс сапары бағдарламасына мал шаруашылығын дамытып отырған «Аманат» шаруа қожалығы да енді. Фермаға ангус тұқымды 500 бас ірі қара және дорпер тұқымды 525 қой әкелу жоспарланған. Жұмыс сапарының соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданының тұрғындары және активімен кездесті. Аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.


БЕРІК ӘЛЖАНОВ – ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Кездесу барысында аудан тұрғындары облыс және аудан басшылығына, сондай-ақ облыстық басқармалардың өкілдеріне өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізді.


ГҮЛМИРА ГИЗЕЕВА – БОЛЬШОЙ ИЗЮМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ


Өңір басшысы ведомство басшыларына тұрғындар көтерген мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл тұрғындарына биылғы 8 айдағы өңірдің даму барысы туралы айтып берді. Өз сөзінде ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту және экономиканың өзге де салаларындағы жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Сондай-ақ облыста жаңа инфрақұрылымдық нысандар салу жоспарын жеткізді.

Бөлісу