«Ұстаздық мұра – ұрпақтар сабақтастығы»: қаламызда аға буын мен жас педагогтар жүздесті
Мағжан Жұмабаев орталығында «Ұстаз: жүрек жылуы — ұрпаққа мұра» атты сабақтастық диалогы өтті. Тәжірибелі ардагерлер мен болашақ педагогтардың басын қосқан кезекті жиыннан әріптесім Дастан Әбілмажинов баяндайды.
Ұлы ақын, әрі педагог Мағжан Жұмабаев орталығында 50-ге жуық білім саласының өкілі бас қосты. Шараның басты мақсаты – аға буынның мол тәжірибесін жас маманға дарытып, ұстаздықтың мән-маңызын арттыру. Жүздесуге ардагер ұстаздар, мектеп пен балабақша мұғалімдері және «Ұстаз» клубының мүшелері қатысты. Кезекті алқалы жиынның өту орны да тегін таңдалмаған.
Ұлы ақын, әрі педагог Мағжан Жұмабаев орталығында 50-ге жуық білім саласының өкілі бас қосты. Шараның басты мақсаты – аға буынның мол тәжірибесін жас маманға дарытып, ұстаздықтың мән-маңызын арттыру. Жүздесуге ардагер ұстаздар, мектеп пен балабақша мұғалімдері және «Ұстаз» клубының мүшелері қатысты. Кезекті алқалы жиынның өту орны да тегін таңдалмаған.
ЛЮДМИЛА БЕЖИК – МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДІНДЕГҢІ «ҰСТАЗ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Дөңгелек үстелде заманауи технология мен жасанды интеллект дамыған дәуірде мұғалім беделін сақтау жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар 20 жылдан кейінгі ұстаздың келбетін саралап, кәсіби кредоның маңызын сөз етті. Осындай өзекті сауалдарға жауап іздеуде педагогика саласында 22 жылдық еңбек өтілі бар, соның 10 жылдан астамын мектеп басқаруға арнаған тәжірибелі маманның айтары мол.КСМ: Дөңгелек үстелде заманауи технология мен жасанды интеллект дамыған дәуірде мұғалім беделін сақтау жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар 20 жылдан кейінгі ұстаздың келбетін саралап, кәсіби кредоның маңызын сөз етті. Осындай өзекті сауалдарға жауап іздеуде педагогика саласында 22 жылдық еңбек өтілі бар, соның 10 жылдан астамын мектеп басқаруға арнаған тәжірибелі маманның айтары мол.
ӘЙГЕРІМ УӘЛИЕВА – №1 ҚАЛАЛЫҚ IT-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ
Ұлағатты ұстаздар өз кезегінде жас буынға өмірлік тағылымдары жайында баян етті. Ал олардан өнеге алып жүрген белсенді жастардың бірі – Анастасия Радионова. Кезінде Батыс Қазақстан өңірінен көшіп келген бойжеткеннің өзі де, жанұясы да тек қазақ тілінде қатысым жасайды. Мағжан поэзиясын жанына серік еткен Анастасия ақынның 53 өлеңін жатқа біледі. Болашақ педагог ардагер ұстаздардан алар тәжірибенің мол екенін айтты.
АНАСТАСИЯ РАДИОНОВА – МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ
Мұғалімдер күні қарсаңында өткен бұл жиын салтанатты марапаттау рәсімімен түйінделді. Өз ісіне адал, білім саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан бірқатар ұстазға ерекше құрмет көрсетілді. Өнегелі мұғалімнің парасаты – бүгінгінің бағдары, ал жас мамандар – ертеңгі білімнің жарқын болашағы.