Петропавлда тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті
Петропавлда 2011–2017 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. Үздік атану үшін қала мен облыс аудандарындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жүзден астам тәрбиеленушісі бақ сынады. Жарыс Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп базасында ұйымдастырылды.
Оқу орнында Ұлттық ойынға деген қызығушылықты балалардың бойында ерте жастан қалыптастыруға мән беріледі. Мұнда тоғызқұмалақпен қатар, асық ату және бес асық сияқты ұлттық спорт түрлері де дамып келеді.
СНХР: ЖҰЛДЫЗ ХАСЕНОВА, ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ №25 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жарысқа қатысушылардың қатарында тоғыз жасар Әлихан Токушев те бар. Ол тоғызқұмалақпен екі жылдан бері айналысады. Осы уақыт ішінде бірнеше рет жүлдеге ие болған. Қоржынында түрлі деңгейдегі медальдары бар. Ал ең басты жетістігі — Қазақстан чемпионы атануы. Әлихан — Солтүстік Қазақстан облысындағы осы атақты иеленген жалғыз спортшы.
СНХР: ӘЛИХАН ТОКУШЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Чемпионат қорытындысы бойынша әр жас санатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Үздік спортшылар медальдармен, кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.